Қазақстан нысана көздеуден Париж Олимпиадасында финалға шықты

3189
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/whatsapp-image-2024-07-28-at-14.47.10.jpeg
Париж Олимпиадасында Қазақстан командасының мүшесі Александра Ле нысана көздеуден финалға өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Александра Ле 10 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден іріктеу кезеңінде 6-орын алды. Финалға алғашқы сегіз спортшы өтті. Ал екінші спортшымыз Арина Алтухова 627.7 ұпаймен 17-орын алды. Аралық нәтиже бойынша бірінші орында – кореялық Хьеджин Бан. Ол іріктеуде жиған ұпайы бойынша (634.5) олимпиадалық рекорд орнатты. Финал 29 шілдеде өтеді. Кеше Александра Ле ел қоржынына қола салған еді.
Комментарии
Другие материалы