СҚО-да қылмыстық-атқару жүйесінің басшысы ұсталды

2306
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/2024-07-10_15-41-04.png
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) бастығы Әділет Мұстафинов ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің басшысы ұсталды», - деп хабарлады сәрсенбіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. Бұған дейін «Президентке хат» Telegram-арнасы 9 шілде күні Мұстафиновтың «бір жұмбақ әйелден» 1 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен өз кеңсесінде ұсталғанын хабарлаған еді. «Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада. Мұстафинов 2023 жылдың мамыр айынан бері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық іздестіру департаментін басқарып келеді.
Комментарии
Другие материалы