Атырау облысындағы әскери бөлімнен сарбаз қарумен шығып кеткен

2825
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/izobrazhenie_2024-05-08_173046525.png
Атырау облысында қатардағы сарбаз Атырау гарнизонының әскери бөлімінен қару-жарақпен бірге шығып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп. «8 мамыр күні Атырау гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді әскери борышын өтеуші сарбаздың қару-жарақпен рұқсатсыз бөлімнен шығып кету фактісі тіркелді», - деп жауап берді Атырау гарнизонының баспасөз қызметіне. Қазір әскери қызметкер бөлімшеде, зардап шеккендер жоқ. Сарбаз оқ атты ма деген сұраққа жауап болмады, бірақ оны жоққа шығармады.
Комментарии
Другие материалы