«Росатом» Қырғызстанда шағын ГЭС салу туралы келісімге қол қойды

2621
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/rosatom-қyrғyzstan.jpeg
«Росатом» Қырғызстанмен шағын ГЭС жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Атоммедиаға" сілтеп. Екі тарап наурыздың 25-і күні келісімге қол қойды.
«Тараптар Қырғыз Республикасында қуаты 400 МВт-қа дейінгі шағын гидроэнергетикалық нысандар құрылысының инвестициялық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізді», - делінген хабарламада.
ГЭС Талас, Жалал-Абад, Баткен және басқа да облыстарда салынуы мүмкін. Еске сала кетейік, Қырғызстанның энергетика вице-министрі Талайбек Байғазиев газ көлемін арттыру үшін «Газпроммен» келіссөз жүргізгісі келетіні туралы ақпарат тараған болатын. Басылымның хабарлауынша, Қырғызстанда қуаты 100 МВт жел электр станциясын салуды қарастыруда. Сондай-ақ «Росатом» Қырғызстандағы шағын атом электр станциясының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді жоспарлаған.
Комментарии
Другие материалы