Көктайғақ пен қар. Екі облыста республикалық маңызы бар тас жол жабылды

2613
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/4906d320-e240-4319-91aa-fed119caa25b-960x500.jpeg?token=67a7afe9b06c2476489e3e2d5a0cc255
Еліміздің екі облысында республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 16 наурыз күні "ҚазАвтоЖол" ауа райына байланысты тас жолды жапты. Қарағанды ​​облысында әлі аяз басылмай, қар мен көктайғақ салдарынан жол жабылған.  Бұл өңірде Қызылорда-Павлодар жолының 165 шақырымдық бөлігі жабылды. Қарағандыдан Павлодар облысының шекарасына дейінгі учаскеде көліктің жүруіне тыйым салынған. Павлодар облысында дәл осы тас жолдың Қарағанды ​​облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі бөлігінде де көліктің жүруіне тыйым салынып отыр. Тас жолда 71 шақырым жабық.
Комментарии
Другие материалы