Әйелін суицидке итермелеген Қызылорда облысының тұрғынын сот кінәлі деп тапты

2878
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/izobrazhenie_2024-03-13_193250285.png
Сырдария аудандық соты әйелін өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеген Қызылорда облысының тұрғынын кінәлі деп таныды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеп. «Сырдария аудандық сотының үкімімен сотталушы А. есімді азамат, ҚК-нің 105-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген сот үкімінде. Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша айыпталуда. Соттың айтуынша, құрбан болған әйел қорлау, қорқыту және үнемі зорлық көріп тірлік кешкен. Ол қорада асылған күйінде табылды. Сот туыстарының, куәлардың айғақтарын, сараптама қорытындыларын, ерлі-зайыптылар арасындағы хат алмасуды зерттеді. Ер адам өз кінәсін мойындамады. Қылмыс олардың анасына қарсы бағытталғандықтан, сот кішкентай балаларының болуына байланысты жазаны жеңілдеткен жоқ. «Жауапкер А.-дан азаматтық талапкер Б.-ның пайдасына 10 000 000 теңге моральдық шығын, өкілдің қызметіне байланысты 1 580 000 теңге және сотқа қатысу шығындары 189 437 теңге өндірілді. », - деп хабарлады сот.

Мейрамбек ЕРБОЛАТҰЛЫ

Комментарии
Другие материалы