Алматыда жер сілкінісінен бір адам зардап шекті

3382
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/81f40b87-7768-419d-81c6-012256e518ab-960x500.jpeg?token=67fde97ef47c203d4fc7b947e6156d7c
Алматыда жер сілкінісі кезінде бір адам екі тобығын сындырып алған. Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  «Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қаланың 18 жастағы тұрғынына балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында барлық қажетті көмек көрсетілді. Оған «оң жақ аяқ пен оның көгеруі және созылуы» деген диагноз қойылды. Науқас тұрғылықты жері бойынша емханаға амбулаториялық емделуге жіберілді», – деді Нұрлан Атығаев. Еске салайық, бүгін сағат 11:22-де (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 болып тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болған еді.
Комментарии
Другие материалы