Қарағандыда 1 ай бұрын суға батқан балықшының денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі мүрдені балықшылардың тауып алғанын мәлімдеді.
1 ай бұрын, 3 ақпанда Молодежный ауылының маңында балық аулау кезінде үш балықшы мінген көлік мұзға түсіп кеткен болатын. Көліктегі екі ер адам сыртқа шығып үлгергенімен, бір балықшы көлік ішінде қалып қойған.
Көлік өзеннен шығарылғанымен суға батқан адам табылмаған.
Балықшылар 1 ай бұрын суға батып кеткен адамның мүрдесін тауып алды
03.03.2024
2542
Комментарии