Әулиелер елінде. Адамдар жаппай астан уланды

2885
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/ulanu-960x500.jpg?token=c32d580449ce0c9ba8c29c79f7d21be0

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тұрғындары жаппай уланды. Науқастардың айтуынша, олар дәмханаға барғаннан кейін өздерін нашар сезіне бастаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

23 ақпан күні кешке «Али-ман» мекемесіне барған 23 адам облыстық орталық ауруханаға жатқызылды. Жұқпалы аурулар бөліміне 15 адам жіберілді, оның ішінде балалар да, ересектер де және 19 апталық жүкті әйел бар. Сегіз адам үйінде ем қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Маңғыстау облысында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жүргізіп жатыр.

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы