"Той жасап беремін". Астаналықтар алаяққа алданып қалды

3148
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/kisen-960x500.jpg?token=1a3cc6ffea18ae3bfe2d1f7eefdc726b
Астанада той өткізбек болған ондаған адам алаяққа алданып қалған, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz порталына сілтеп.
"Алаяққа алдандым" деп 11 адам полицияға арызданған. Өзін мейрамхана әкімшісі ретінде  таныстырған 28 жастағы әйел жәбірленушілерге той ұйымдастыруға уәде берген.
"Азаматтардың сеніміне кіргені сонша, олар жалған әкімшіге бір миллион теңге көлемінде алдын ала төлем де аударған. Бірақ уәде етілген мереке ұйымдастырылмаған", - дейді полицейлер.
Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті әйел қолға түсті.
Комментарии
Другие материалы