Бүгін сағат 17:57-де Семейдегі балабақшалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17:37-де 101 пультіне Павлова көшесіндегі балабақшада өрт шыққаны туралы хабарлама түскені туралы хабарланды. Келгеннен кейін балабақшаның 2 қабаты ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 18.05-те оқшауланды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнында жеке құрамның 37 адамы мен 9 техникасы жұмыс істегенін мәлімдеді.“Адырна” ұлттық порталы