«Қазақфильм» биыл 9 картинаның тұсауын кеспек

2585
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/e7220429-e51f-4d32-84e9-4e6524233fe0.jpeg

Биылғы жылы «Қазақфильм» 9 картинаның тұсауын кеспек, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Кеше, 16 ақпан Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай “Қазақфильм” Ұлттық киностудиясында жаңа маусымның тұсаукесері өтті. Сондай-ақ маусымның ендігі салтанатты ашылуын жыл сайын Шәкен Аймановтың туған күнінде өткізу туралы шешім қабылданды. “Бүгінгі шараның мақсаты – біздің биылға біржылдық бағытымызды анықтап беру. Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр “Қазақфильм” бір кино түсірген жоқ. Биыл 9 кино түсіреді. Бірінші рет тарихта осындай болып тұр: «Қазақфильм» бес киножобаны біртиынсыз түсіреді. Елге көрсеткіміз келеді. «Қазақфильм» де осындай дүние жасай алады. Ол жыл сайын өсе береді. Биыл 9 болса, келесі жылы 15-ке жеткізуге тырысамыз”, - деді киностудия басшысы Азамат Сатыбалды. Айта кетейік, жоспардағы фильмдердің бесеуі коммерциялық болса, қалған төртеуі мемлекеттік қолдауға ие болған.

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы