Жезқазғанда ақша мен банк карталарын қолды еткен азамат ұсталды

3067
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/kisen-960x500.jpg?token=1a3cc6ffea18ae3bfe2d1f7eefdc726b
Көліктен қомақты қаржыны қолды еткен тұрғын ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
23 жастағы Жезқазған қаласының тұрғыны ұрлық оқиғасы жайында полицияға ақшасының жоғалғаны туралы арызданған. Ол көлігін ашық қалдырып, дүкенге кіріп кеткен. Осы сәтті пайдаланған 55 жастағы азамат көліктен 250 мың теңге мен банк карталарын алып кеткен. Ұрлық жасалған сәт дүкендегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазір жезқазғандық азаматқа ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Комментарии
Другие материалы