Абай облысының Жарма ауданында 30 отбасы жаңа баспанаға ие болды

2463
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/1546e86f-b454-4b93-8857-17d6785fa6b6-960x500.jpeg?token=169d4904c37d6bcad5610ef4082fa88a

Тәуелсіздік күніне орай Абай ауданы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылында халықтың әлеуметтік осал топтары мен көп балалы отбасылардың өкілдеріне жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңадан бой көтерген үйлердің кілтін аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров табыстап, отбасыларды құттықтап, баршаға амандық, зор денсаулық тіледі. Биылғы жылы «Мықты аймақтар – ел дамуының драйвері» жобасының шеңберінде әлеуметтік осал және аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін Жарма ауданының Ысқақова көшесінде 25 үй (50 пәтер) және Қалбатау ауылындағы Достық көшесіндегі 30 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй, Шар қаласында 5 үй (10 пәтер) пайдалануға берілді.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы