Қостанайдағы жарылыстан бір адам өлі табылғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды

2956
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/94a187ef-e169-4552-8330-f26c5849b23d-960x500.jpeg?token=b4e6250820ef0f5d4bc629b5178401d4
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері үйінді астынан бір адам өлі табылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. "Бұған дейін ер адам өлі табылды деген ақпарат қате берілді, құтқарылған ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. Оқиға орнынан барлығы 11 адам ауруханаға жатқызылды. Қатты аяздың және конструкция қирандыларының көп болуы іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатты. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ақпарат түсуіне қарай толықтырылатын болады", - делінген хабарламада. Еске салайық, бұған дейін Қостанайдағы ғимарат құлаған жерде іздеу жұмыстарының нәтижесінде екі адам құтқарылып, бір адам өлі табылғаны туралы хабарланған болатын.
Комментарии
Другие материалы