Қырғызстанның астанасы Бішкекте ел туын өзгертуге қарсы шеру өтті. Шеруге 100-ге жуық адам қатысты. Бұл туралы sputnik_kyrgyzstan жазды, деп хаьарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Айта кетейік, қараша айында Қырғызстан парламенті мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. 66 депутат қолдаса, 8 депутат қарсы болған еді.
Еске салайық, бұған дейін қырғыз қоғамында мемлекеттік рәміздерді өзгертуге байланысты қызу пікір талас жүріп жатқанын жариялаған едік.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз