Қапшағай маңында магнитудасы 4,4 балдық жер сілкінісі болды

3402
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/img_3751-960x500.jpeg?token=1df952b192e868204e2aa57c928a6c2b

Қапшағай маңында магнитудасы 4,4 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы  Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы (СӘМ) мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «SOME» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 16 қазанда Алматы уақыты бойынша сағат 13.32-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 64 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,7. Магнитудасы MPV 4.4 балдық, - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің ошағы Қапшағай су қоймасынан оңтүстікке қарай 15 шақырым тереңдікте орналасқан.

Комментарии
Другие материалы