Қарағандыда жол апатынан екі адам қаза тапты

3461
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/zhol-apaty.jpeg
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 15 қазан күні Қарағанды-Молодежный тасжолында 2 көлік соғысты. Қазақстан ауылынан 2 шақырым жерде Hyundai Sonata жеңіл көлігі мен Neoplan автобусы жол апатына ұшырап, салдарынан адам шығыны болды. Бұл туралы аудандық полиция хабарлады.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Sonata автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орынында қаза болды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекссің 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», - деді Осакаров аудандық полиция бөлімінің бастығы Азиз Жұмағазиев.
Комментарии
Другие материалы