Италияның бұрынғы президенті Джорджио Наполитано дүниеден озды

2773
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/238.jpg
Италияның бұрынғы президенті Джорджио Наполитано 98 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Италияның бұрынғы президенті Джорджио Наполитано 98 жасқа қараған шағында, Римдегі ауруханалардың бірінде қайтыс болды. Бұл туралы 22 қыркүйек, жұма күні Италия үкіметіне хабарлады. Рим Папасы Франциск саясаткердің туыс-туғанына көңіл айтты. Джорджио Наполитано Италия Коммунистік партиясының бұрынғы мүшесі болды, 2010 жылдардың басында,  еуроаймақты шарпыған қарыз дағдарысы кезінде,  ел тізгінін қолға алды. Сарапшылар оның ел басқарудағы еңбегін жоғары бағалап, Италияны дағдарыс кезеңінен құтқарған саясаткер ретінде құрметтейді.

"Адырна" ұлттық порталы

 
Комментарии
Другие материалы