1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

4871
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/43b96cdb-ecf3-4b58-bf9d-d3986213f4e7.jpeg
Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі. Атап айтқанда «Алтын алқа» алған, «Батыр ана» атағы бар, яғни 7 және одан да көп балалы I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін яғни төлем 25 530 теңге артады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, тиісті норма ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген. Бүгінде 6 - 7 немесе одан да көп бала туып, өсірген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. Осыған байланысты тағы жаңадан,«Наградталған ана» деген мәртебе енгізіп, бұрын марапатталған аналарға төленетін жәрдемақының мөлшерін саралау қарастырылып отыр.
Комментарии
Другие материалы