“3 адам мерт болды”. Ақтөбе облысында екі жеңіл көлік соқтығысты

3362
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/97a493fc-67fc-4361-a00b-edc1493b5e7e.jpeg
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл тураля Polisia.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Жол апаты 23 сәуірде Хромтау ауданының Жазық ауылының маңында Самара-Шымкент автожолында болды.
«ВАЗ-2110» және Toyota маркалы автокөліктері соқтығысқан. «ВАЗ» автокөлігінің 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді.
Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.
Комментарии
Другие материалы