Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

3797
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/7b33d5d4-1e7e-45bd-9019-453f4e72fae4.jpeg
Жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында ел үкіметі өкілеттігін доғарды. Бұл туралы Президент жарлығында айтты, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.
“Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, – делінген президент Жарлығында.
 
Комментарии
Другие материалы