"Аттан, қазақ!": Амантай қажы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттығына үміткер атанды

4571
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/02/2e8540fe-b6b4-4e60-a869-db05a002e421.jpg
Енді аса таяғы қолынан түспей, “Аттан, қазаққа” басып жүретін Амантай қажы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер. Ақсақал депутаттық сайлауға қатысу үшін заңды түрде тіркелді. Қажы өзін-өзі ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Ел ішінде "Амантай қажы" атанған Амантай Хантемірұлы Асылбек Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына өткізілетін сайлауда бақ сынайды. Ол Алматы қаласының №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округінде "өзін өзі ұсыну тәртібімен" тіркелді. Кандидаттық куәлігін қолына алды.
- Елім, жерім, Қазақстан жасасын! Аттан, Қазақстан!.. Адамдарға көмектесу - менің азаматтық міндетім, - деді ақсақал.
Кейіннен халық қалаулысы қоғамдық көлікке отырып, жастармен, жолаушылармен суретке түсті. Ізін ала өсіп келе жатқан жас буынға батасын беріп, ақыл-кеңесін айтты.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии
Другие материалы