«Ақжайық» Түркияға аттанды

2479
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/01/akzh.jpg
Футболдан Қазақстан чемпионатының Бірінші Лигасында өнер көрсететін «Ақжайық» командасы маусым алдындағы дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында Түркияға аттанды. Команда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, құрамын нақтылайтын болады. Премьер Лигаға қайта оралуды мақсат еткен клуб жаттығу жиындары барысында бірнеше шетелдік клубпен жолдастық кездесу жоспарлаған. Сондай-ақ қаралымға келген ойыншыларды да тексеріп көрмек. Оқу-жаттығу жиынына аттанған «Ақжайық» ойыншылары: Қақпашылар: Александр Удалов, Сергей Ткачук Қорғаушылар: Бауыржан Омаров,Максим Литвинов, Арман Мұрат, Евгений Рафиков, Владимир Покатилов. Жартылай қорғаушылар: Руслан Хаиров, Магоммед Оджиев, Шыңғыс Сапарбекұлы, Әділет Болатов. Шабуылшылар: Алексей Мальцев, Ержан Ибрагимов, Даниил Кочнев
Комментарии
Другие материалы