Қазақстанда жаңа кәсіби мереке бекітілді

3492
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/11/0bd2b20a-c0c3-44ff-a1ea-14c1506fc68a.jpeg
Қазақстанда 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтіледі, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» тиісті қаулыға қол қойды. Осыған байланысты 17 мамырда аталып өтілетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді»,—делінген хабарламада.
Комментарии
Другие материалы