АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілдері әскери базаларға көшті

169
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RfkNOD4aLYiq1dDEcmZykm4hXYGFmDKOiua2wuAH.webp

Фото: REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің алтыға жуық жоғары лауазымды өкілі қауіпсіздігіне төнген қатерге байланысты Вашингтондағы күзетілетін әскери нысандарға қоныс аударған, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл туралы 28 қарашада CNN телеарнасы хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, қазір Трамп әкімшілігінің алтыға жуық мүшесі Вашингтондағы әскери тұрғын үй кешендерінде тұрып жатыр. CNN мұндай жағдайдың бұрынғы президенттер тұсында сирек кездескенін атап өтті.

Әскери нысандарға көшкендердің қатарында АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет, қаржы министрі Скотт Бессент, мемлекеттік хатшы Марко Рубио және бас прокурор Тодд Бланш бар. Сондай-ақ Ақ үй аппаратының жетекшісі Стивен Миллер мен оның отбасы Форт-Макнейр әскери базасына орналасқан.

CNN дерегінше, кейбір шенеуніктер шет мемлекеттер тарапынан төнуі мүмкін қауіпке алаңдайды. Атап айтқанда, Скотт Бессент Иран басшылығы тарапынан қоқан-лоқы алғанын мәлімдеген.

Ал әкімшіліктің өзге өкілдері АҚШ аумағындағы саяси зорлық-зомбылық қаупіне байланысты тұрғылықты жерін өзгерткен. Стивен Миллердің отбасы үйінің жанында белгісіз әйел наразылық акциясын өткізіп, олардың мекенжайы жазылған парақшаларды таратқаннан кейін әскери базаға көшкен.

Комментарии
Другие материалы