Назарбаевтың туысына қатысты мұнай компаниясына ірі айыппұл салынды

401
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KCPRncqvqlsi8Vqfo9pHfEJN3Vyh1t8cjdsEXwyO.jpg

Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімовтің ағасы Сейітжан Есімовтің холдингіне кіретін «ЖАН и КС» мұнай компаниясы бұрғылау қалдықтары үшін 3 млрд теңгеден астам экологиялық айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл туралы 25 қарашада Атырау облысының прокуратурасы айтты, хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Табиғатты қорғау прокуратурасы жүргізген тексеру барысында компанияның ұңғымаларды бұрғылау кезінде бұрғылау шламы мен пайдаланылған бұрғылау ерітіндісін заңсыз жинақтағаны анықталған.

Аталған заңбұзушылық үшін компанияға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктелген.

«Компания айыппұлға соттарда шағымданбақ болды, бірақ шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды, қаулы заңды күшіне енді. Қазір айыппұл мәжбүрлеп өндіріліп жатыр, Атырау бюджетіне 490 млн теңгеден астам қаражат аударылды. Берешектің қалған бөлігі прокуратураның қатаң бақылауында»,— делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, экологиялық айыппұлдардан түскен қаражат енді республикалық бюджетке емес, тиісті облыстың бюджетіне түседі.

«ЖАН и КС» компаниясы» мұнай мен газ өндірумен айналысады және Aytei Group холдингінің құрамына кіреді. Холдингтің иесі – 75 жастағы Ахметжан Есімовтің інісі Сейітжан Есімов. Ахметжан Есімов әр жылдары Алматы қаласының әкімі және «Самұрық-Қазына» қоры басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған. Ал Ахметжан Есімов Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы болып келеді.

Комментарии
Другие материалы