45 студентті құжат түрінде тіркеген колледж басшысы қызметтен кетті

419
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ig98YuJiNFhyXqcEq22mixeKefSU8j9pqj9gOx9V.jpg

Фото: ЖИ

Қостанай облысының Қарабалық ауданында прокуратура Қазақстан агротехникалық колледжінде бірқатар заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды “Адырна” Информбюроға сілтеп. 

Тексеру нәтижесінде сабаққа қатыспаған 45 студент оқудан шығарылып, колледж директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Прокуратура мәліметінше, аталған студенттер оқу орнында білім алушылар ретінде тіркелгенімен, сабаққа мүлде қатыспаған. Соның салдарынан бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған.

Тексеру барысында колледжде өзге де заңбұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда, бес жыл бойы көлік құралдары есептен шығарылмаған. Бұдан бөлек, 65 студент тұратын жатақхананың техникалық жағдайы белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні белгілі болды.

Тексеру қорытындысы бойынша сабаққа қатыспаған 45 студент оқудан шығарылды. Жеті оқытушыға қатаң тәртіптік шара қолданылып, колледж директоры қызметінен босатылды.

Қазір негізгі құралдарды есептен шығару рәсімі басталған. Сондай-ақ жатақхананы жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бас прокуратура Қостанай облысындағы білім беру ұйымдарында заңдылықты қамтамасыз ету, студенттердің құқықтарын қорғау және бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол бермеу бағытындағы жұмыстар жалғасатынын айтты.

Комментарии
Другие материалы