Жүргізуші өз автобусының астына түсіп, қаза тапты

205
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Olz0J96a0qvLEHYd371wssyQuepjhxEskhgoxwRe.jpg

Фото: ЖИ

Бішкекте қоғамдық көлік жүргізушісі өз автобусының астына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" 24 kg-ға сілтеп.

Қозғалысты өздігінен бастаған автобус жүргізушіні басып өтіп, жол жиегінде тұрған екі көлікке соғылған.

Оқиға 19 қарашада сағат 15:50 шамасында Интергельпо және Кең-Суу көшелерінің қиылысында, №57 мектептің маңында болған.

Қалалық патрульдік милиция басқармасының мәліметінше, 1972 жылы туған жүргізуші №10 бағыттағы жұмысын аяқтап, «Анкай» маркалы автобустан түскен. Осыдан кейін автобус батыстан шығысқа қарай өздігінен қозғала бастаған.

Жүргізуші көлікті тоқтату үшін жолаушылар есігіне қарай жүгірген. Алайда сүрініп құлап, автобустың астына түскен.

Басқарусыз қозғалған автобус жол жиегінде тұрған Toyota Prius және Mazda 626 маркалы екі көлікпен соқтығысып, содан кейін тоқтаған.

Жүргізуші жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттарынан жолда қайтыс болған.

Қазір құзырлы органдар жүргізушінің бағытты аяқтағаннан кейін автобусты қол тежегішіне қойған-қоймағанын анықтап жатыр.

Комментарии
Другие материалы