Эзоп пен Абай

189
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/eAnYZwIK8nq78yUJuVnuJ7h6MmHEVqzhBPN73jLJ.jpg

Ежелгі гректердің әңгіме жанрының шеберлерінің бірі, аңызға айналған сықақшы, мысал жанрының атасы атанған Эзоп  есімі б.з.б ҮІ ғасырлардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер «Эзоп әңгімелері» деп атайтын мысалдар бес жүзге жуық. Бұл әңгімелер сюжеті мен көркемдік желісі жағынан Хеминцер, Дмитриев, Крылов шығармаларына сан жылдар арқау болды [1].

Эзоп мысалдары әлемнің әр тілінде жарық көргенімен,  түпнұсқаға сай, мазмұны дәл,  толықтырылған  нұсқасы  1962, 1965 жылдары орыс тілінде жинақ болып жарық көрді.

Эзоптың бізге жеткен мысалдарының біршамасы қазақ тілінде де әр жылдары аударылып жатты. Солардың алғашқы аудармашысы Абай екенін анықтап отырмыз. Абай Эзоп мысалдарының сюжетін толық білген. Ол  мысал жанрына қалам тартуда,  аудармашы ретінде шебер меңгерді.

Эзоптың «Дуб и Тростник» мысалына назар аударайық: «Дуб  и тростник спорили, кто сильней. Подул сильней ветер, тростник дрогнул и пригнулся под его порывами и оттого остался цел; а дуб стретил ветер всей грудью и был выворочен с корнем.

Басня показывает, что с сильнейшими не следует спорить.  (70 басня)». [1, б. 84].  

Осы мысалдың мазмұнына, түйініне көз жүгіртсек, Абайдың "Емен мен шілік" аудармасы ойға оралады.

Абай «Емен мен шілік» аудармасында:

Шілік пен емен бір күн сөйлесіпті:
— Аллаға, сорлы, неден жаздың? — депті.
Торғайға да майысып солқылдайсың,
Жел бүлк етсе, тебесің әлпеншекті.
Құдай басқа салмасын сен секілді
Желмен жерге жығылып, жар сүзбекті.
Обалың бір құдайға, байғұс, сенің,
Қақтырып қойған мұнша бос селтекті.
Қарашы маған, сендей сорлы емеспін,
Тау, жартасқа, ұзарып, бой теңестім.
Сенің қорыққан дауылың — маған өлкек
Маңыма сәуле өткізбей, күнге егестім.
Тырп етпес менің күшім жауын, желге,
Жапырағым көлеңке талай жерге.
Ығыма сені де алып қорғар едім,
Иең сені бітірген йен дөңге.
— Есіркегіш екенсің, — деді шілік,—
Онша сорлы емеспін, тартпа күйік!
Сынбаймын майыссам да, солқылдаймын,
Желден маған келмейді еш кемшілік.
Бүгінгі аман бола ма үнемі аман?
Кердеңдікпен деп тұрсың не бар маған.
Шалқақтық иілмейтін кімге жаққан,
Екпінге ерегіссең, қатер саған.
Кавказға бір қап-қара бұлыт мінді,
Естіп тұрған кісідей тау күңіренді.
Жер-дүниені шаң, тұман қабат басып,
Ойнақ қағып, құтырып дауыл келді.
Арты бұршақ, алды шаң жел құтырды,
Шілік жерге бас ұрды, емен тұрды.
Басы көкке, сирағы жерге енсе де,
Ақырып долданғанда алып ұрды.
Майысқаннан шіліктің несі кетті,
Батыр, мақтан күйлеме, сен де, о ғұрлы -деп, [2, б. 388] оқырманына ой сілтейді.

Абай аудармасы мен Эзоп мысалының үндес екендігі белгілі болды. 

Ә.Жиреншиннің әзірлеуімен сөз соңы, түсініктерімен басылған 1961 жылғы ақынның бір томдық шығармалар жинағында:  «...шығарманың тексті 1909 жылғы жинақ және Мүрсейіт қолжазбалары (1905, 1907, 1910) бойынша берілді. И.А.Крыловтың «Дуб и трость» деген мысалының аудармасы...» деп  түсініктеме берілген [2, б. 641].  

И.А.Крыловтан аударылған мысал екендігі ақынның кейінгі басылған жинақтарында да аталып көрсетіліп, қайталанып, басылып келеді.

1988 жылы Мәскеуде «Детская литература» баспасынан шыққан И.А.Крыловтың мысалдар жинағында берілген «Дуб и Трость» мысалы да расында да, Эзоп мысалымен жете үндес. Абай Эзопқа Крылов арқылы келген.

Крылов мысалдарын  аудару арқылы Эзоп мысалдарының қазақ арасынан кеңінен тарауына зор үлесін қосқан.    

И.А. Крылов өзінің мысалында:

«С Тростинкой Дуб однажды в речь вошел.
«Поистине, роптать ты в праве на природу»,
Сказал он: «воробей, и тот тебе тяжел.
Чуть легкий ветерок подернет рябью воду,
Ты зашатаешься, начнешь слабеть
И так нагнешься сиротливо,
Что жалко на тебя смотреть», -  дейді; бұл Абай аударған шумақтармен үндес. 

Орыс ақыны көркем жырлайды:

Меж тем как, наравне с Кавказом, горделиво,
Не только солнца я препятствую лучам,
Но, посмеваяся и вихрям, и грозам,
Стою и тверд, и прям,
Как будто б огражден ненарушимым миром.
Тебе всё бурей — мне всё кажется зефиром.
Хотя б уж ты в окружности росла,
Густою тению ветвей моих покрытой,
От непогод бы я быть мог тебе защитой;
Но вам в удел природа отвела
Брега бурливого Эолова владенья:
Конечно, нет совсем у ней о вас раденья».—
«Ты очень жалостлив», сказала Трость в ответ,
«Однако не крушись: мне столько худа нет.
Не за себя я вихрей опасаюсь;
Хоть я и гнусь, но не ломаюсь:
Так бури мало мне вредят;
Едва ль не более тебе они грозят!
То правда, что еще доселе их свирепость
Твою не одолела крепость,
И от ударов их ты не склонял лица;
Но — подождем конца!»

Едва лишь это Трость сказала,
Вдруг мчится с северных сторон
И с градом, и с дождем шумящий аквилон.
Дуб держится, — к земле Тростиночка припала,
Бушует ветр, удвоил силы он,
Взревел и вырвал с корнем вон
Того, кто небесам главой своей касался
И в области теней пятою упирался, - [1, б. 23]    деп ойын түйіндесе, бұл жерде Абай аудармасы орыс тілінде нұсқамен сәйкес келетініне көз жеткіземіз.

Абай аудармаларының аударылу тарихы туралы біз жанрлық жағынан, хронологиялық тұрғыдан осы уақытқа дейінгі абайтану зерттеулерінен білеміз.  

М.Әуезов, Қ.Мұхамедханов, Ә.Жиреншин, М.Мырзахметов, Ғ. Есім, Т.Жұртбай зерттеулері мен ғылыми еңбектері әрдайым өзекті.

Шығарманы оқу барысында зерттеуді қажет ететін келесі сұрақтарға жауап іздеуімізге тура келеді:

Крылов Эзоптан қандай мысалдарды аударды?

Әлде бұл шығармалар Крыловтың төл туындысы ма?

Абай аудармасының өзегі неден бастау алады?

Әлемдік әдебиет теориясында «сюжеттердің ауысуы» деген ұғым бар. Кейін  «сюжеттердің ауысуы» ұғымы театр қызметрлері мен суретшілердің сахнада ойналатын шығармалардан балалар үшін жаңа шығарма жазып шығуы деген түсінікке ауысты. Бұл ақынның шығармашылық лабораториясымен де тығыз байланысты. «Сюжеттердің ауысуы» дәлірек айтсақ, уақытпен бірге әр ақынның шығармашылық лабораториясында өзгеруі де мүмкін.

Жоғарыда атап өткеніміздей,  әдебиет теориясының шарты бойынша, ақын өзіне дейін жырланған шығармалардағы оқиға мазмұнын қайталауын «реминисценция» деп атасақ,  «сюжеттердің ауысуында»  шығарманың  мазмұны сәл де болса, (жанрлық өзгеріс, баяндалу тәсілі)  өзгеріске ұшырайды. Авторы әртүрлі шығармаларда бір сюжеттің қайталануы, бұл – сол сюжеттің  жаңғыруы.  Сюжеттің жаңғыруы уақыт пен кеңістік ұғымымен қатар дамып отырады.  

Мысал жанры атасы атанған Эзоп шығармалары  дүниежүзіне кең таралуының өзі - ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдеби трансформациядағы «реминисценция». Ал кез келген реминисценцияға әсер етуші шығарма сюжеті кімнің шығармасынан бастау алса, ол сол сюжеттің авторы саналады да, қалған шығармалардағы сюжет реминисценция тудырушы сюжет болып есептеледі. Сюжеттің жаңғыруында да, автордың дүние келуі, өмір сүру жылдары маңызды саналады.

Эзоп мысалдары әлемнің 100-ге жуық тіліне аударылған. Сөзіміз дәлелді болуы үшін кейбір тілдердегі Эзоп мысалдарын тақырыбына байланысты зерделеп көрдік.

Мысалы, орыс тіліндегі Крыловтың аудармасындағы «Лягушка и Вол» мысалы ағылшын тіліндегі «Frog and Ox» мысалымен үндес. Тақырыбы да, сюжеттік желісі де біте қабысқан. Тек  Крыловтың  қолымыздағы шығармалар жинағында [1]  бұл мысал ақынның төл туындысы деп көрсетілсе, ағылшын тілінде жарияланған бұл мысалдың біз авторы Эзоп екендігін көріп отырмыз.

Крылов:    

«Лягушка, на лугу увидевши Вола,

Затеяла сама в дородстве с ним сравняться:

Она завистлива была.

И ну топорщиться, пыхтеть и надуваться.

"Смотри-ка, квакушка, что, буду ль я с него?"-

Подруге говорит. "Нет, кумушка, далеко!"-

"Гляди же, как теперь раздуюсь я широко.

Ну, каково?

Пополнилась ли я?»- «Почти что ничего», - деп жырлайды.  Бұл жерде бақа өзінің шамасынан тыс әрекет етеді.

Дәл осы сәт  ағылшын тілінде былай беріледі: «Oh, Father!», said a little Frog to the big one sitting by the side of a pool, «I have seen such a terrible monster! It was as big as a mountain, with horns on its head, and a long tail, and it had hoofs divided in two. «Tush, child, tush,» said the old Frog, «that was only Farmer White’s Ox. It isn’t so big either; he may be a little bit taller than I, but I could easily make myself quite as broad; just you see» [3].  

Мұны Абай «Бақа мен өгізде» былай жырлайды:

«Қарасаң, тым-ақ көп
Көре алмас іші тар.
Несі артық, бізден деп,
Салыспақ жұрт та бар.
Су ішкелі бір өгіз
Барып еді бұлаққа.
Бақалар қорқып, тарбақтап
Қашып шықты әр жаққа.
Бақаға өгіз таумен тең,
¥шып кетті зәресі.
Мақтаншақтың, сен көрсең,
Бақада екен төресі.

Өз-өзінен бір бақа
Күшенді де, бөртінді.
Қарны үлкейді қампайып,
Өгіздей болам деп ісінді.
Қасындағы жолдасқа
"Қарашы,— деді,— сен бізге!
Қиын ба екен үлкею,
Жеткем жоқ па өгізге?..».

«Ezop masallari» деген атпен жарияланған өзбек тіліндегі «Baqa va buqa»  нұсқасында: « - Ota, - debdi kichkina Baqa ko‘lmakda turgan katta Baqaga, - men shunaqangi bir qo‘rqinchli maxluqni ko‘rdimki! U tog‘dek ulkan edi. Uning boshida shoxi, uzun dumi, tuyoqlari bor edi.

- Bolam, - debdi qari Baqa, - bu bor-yo‘g‘i chorvador Oqyigitning Buqasi, biroq sen aytgandek katta emas. Bo‘yi mendan ozgina baland bo‘lishi mumkin. Men ham o‘zimni shunaqa katta qilib ko‘rsatishim mumkin. Mana, qarab tur. Shunday deb katta Baqa havoni yutib o‘z ichiga puflabdi, puflabdi.
         - U shunaqa kattamidi? - deb so‘rabdi u o‘g‘lidan.

- Ancha kattaroq edi, - deb takrorlabdi yosh Baqa» [4] - деп суреттеледі. Өзбек әдебиетінде де бұл мысал авторы Эзоп екендігі кеңінен таратылған.

Бұл жерде мысалдың кейіпкерлері бір, әрі ой саларлық мақсаты да  - айқын. «Әркім өз күшіне қарауы тиіс» деген тәлімі зор ойдың мағынасын ашады.

"Ну, как теперь?"- "Все то ж". Пыхтела да пыхтела

И кончила моя затейница на том,

Что, не сравнявшиеся с Волом,

С натуги лопнула - и околела.

Пример такой на свете не один:

И диво ли, когда жить хочет мещанин,

Как именитый гражданин,

А сошка мелкая, как знатный дворянин, [5, б. 29] - деп өз оқырманына ой салатын Крылов өзінің мысалында: «пример такой на свете не один» дейді.

Абай мысалды былай жырлайды:

"Ісіндің, кебіндің,
Сонда да не пайда?
Түрі жат өгіздің,
Сен қайда, ол қайда?"
Күшенді кеп кіжініп,
Келгенінше шамасы,
"Өстім ғой"— деп ісініп,
Дейді: "енді бір қарашы!"
Қарады да,— "Дәнеме
Болған жоқ қой, қой!"— деді.
Қызып алған антұрған
Айтқан сөзге көнбеді.
Ыңқыл қағып, тыпырлап,
Күшенді де, бөртінді.
Іш жарылды сытырлап.
Мақтанам деп өзі өлді.
Таласпа, жаным-ай,
Қолыңнан келмеске.
Боларсың бақадай,
Көп түссең егеске.

Өзбекшесіне назар аударайық:

«..Qari Baqa yana o‘z ichiga puflabdi va Baqachadan: - Buqa shunchalik kattamidi? — deb so‘rabdi.

- Kattaroq edi, dada, kattaroq,- deb javob beribdi Baqacha. Shunday qilib Baqa chuqur nafas olib, ichiga puflayveribdi, shishgandan shishib ketaveribdi.
— Ishonchim komilki, Buqa bundan katta bo‘lgan emas,- debdi bir mahal shishib ketgan Baqa va shu payt paq etib yorilib ketibdi». Оқиғаның түйіні: «Baqa va shu payt paq etib yorilib ketibdi».

Ал ағылшын тілінде: «So he blew himself out, and blew himself out, and blew himself out. «Was he as big as that?» asked he. «Oh, much bigger than that», said the young Frog. Again the old one blew himself out, and asked the young one if the Ox was as big as that. «Bigger, father, bigger,» was the reply.

So the Frog took a deep breath, and blew and blew and blew, and swelled and swelled and swelled. And then he said: «I’m sure the Ox is not as big as but at this moment he burst. Self-conceit may lead to self-destruction».

Мұнда да оқиғаның түйіні: «Self-conceit may lead to self-destruction». Бір сөзбен қорытындыласақ, өзін-өзі зорықтыру, қолдан келмес іске ұмтылу.

Өмірдегі түрлі мінез-құлықтағы адамдарды, олардың іс-әрекетін көрсету барысында аң-құстарды, жан-жануарларды мысалға ала отырып, жағымсыз бейнелерді әшкере етуде мысал жанрының орны зор.

Эзоптың 124-мысалында қарға мен түлкі образы арқылы ақыл таяздығы, қулық суреттеледі: «Ворон унес кусок мяса и уселся на деревне. Лисица увидела, и захотелось ей заполучить это мясо. Стала она перед вороном и принялась его расхваливать: уж и велик он, и красив, и мог бы получше других стать царем над птицами, да и стал бы, конечно, будь у него еще и голос. Ворону и захотелось показать ей, что есть  у него голос; выпустил он мясо и закаркал громким голосом. А лисица подбежала,  ухватила мясо и говорит: «Эх, ворон, кабы у тебя еще и ум был в голове,  - ничего бы тебе больше не требовалось, чтоб царствовать».

Басня уместна против человека неразумного» [1, б. 100]  .

Бұл сюжет Крыловта да, Абайда да  бар.

«...Басы айналды қарғаның

Сұмның айтқан сөзіне.

Қуанғаннан бөртініп,

Бір мастық кірді өзіне.

Өзіне біткен өңешін

Аямастан қарқ етті,

Ірімшік жерге салп етті.

Іс бітті, қу кетті»,  - деп түйінделетін Абай аудармасының айтар ойы да «құр мақтанға бой алдырмау»  [2, б. 404]  Ағылшын тіліндегі осы «The Fox and the Crow» мысалы сюжетіне назар салайық: « A Fox once saw a Crow fly off with a piece of cheese in its beak and settle on a branch of a tree. «That’s for me, as I

am a Fox », said Master Reynard, and he walked up to the foot of the tree. «Good-day, Mistress Crow » he cried. «How well you are looking to-day: how glossy your feathers; how bright your eye. I feel sure your voice must surpass that of other birds, just as your figure does; let me hear but one song from you that I may greet you as the Queen of Birds». The Crow lifted up her head and began to caw her best, but the moment she opened her mouth the piece of cheese fell to the ground, only to be snapped up by Master Fox. «That will do,» said he. «That was all I wanted. In exchange for your cheese I will give you a piece of advice for the future. Do not trust flatterers!». Берілген мысал мәтінін қазақ тіліне аударудың қажеттілігі жоқтығы: Абайдың аудармасы сюжетімен тұтас үндес екендігін көрсетеді. Түлкі мен қарғаның әрекеті арқылы ақылсыз істелген іс өкінішке апаратынын, мақтану көңілге жел бітіретіндігін көрсетеді.

Зерттеуіміздің нысанына айналып отырған сюжет ұғымының әдебиет теориясында алатын орны зор.

Өлең – тауыс құсындай көркем сөздің бағында,

Кемел көрінісіне кемел сана ынтығар.

Қара сөз – тотықұс тәттілігі көңілдің гүлзарында,

Ұғым оның нығметінен пайда болар, - деген шығыс жырларынан жеткен сюжет туралы сөз бар  [6, б. 15].    Сюжет  - шығарманың жаны.

Сюжеттің ең маңызды функциясы – коллизияны табу. Бұл арқылы  өмірлік қарама-қайшылықты білуге жол ашылады. Хроникалық сюжет пен концентрлі сюжет ерекшеліктеріне қарай, кез келген көркем шығарма сюжеті келесі бір көркем шығарма сюжетіне ұқсас болуы мүмкін. Бұл сюжетті құрайтын оқиғалардың өзара ұқсастығы мен айырмашылығына, жазылған (жырланған) уақыты мен себеп-салдарлық байланысына байланысты [7].

Сюжеттер кейіпкерлер үшін іс-әрекет алаңын тудырып, сонымен қатар авторға олардың мінез-құлықтарын ашуға, өзіндік пайым жасауға   мүмкіндік береді. Кейбірде сюжет арқылы ақындар кейіпкер тұлғасының қалыптасуын тудырады.

Оқиғалар арасындағы таза уақыттық байланыстың басымдығына құрылған сюжеттер хроникальды (уақыттық) болып табылады. Хроникальды сюжеттің бір ерекшелігі саз, ырғаққа құрылады.  Егер белгілі оқиғадан сюжет толықтай ауыспай (көшпей), /теорияда: «көшпелі немесе ауыспалы сюжеттер»/ белгілі бір мысалдар алынып, ой келесі бір шығармада қолданылса, бұл сюжеттің мотивы деп аталады. Мотив шығарма құрылысы арқылы, ой арқылы, идея, тіпті болмаса, бір баяндалатын  жайттың тақырыбы арқылы да берілуі мүмкін.  

Тек Абай аудармалары ғана емес, А.Байтұрсынұлының 1922 жылы Қазан қаласында «Қырық мысал» жинағында жарық көрген мысалдардың бірқатары И.А.Крыловтан аударылғандығы белгілі болса да, бұл шығармалардың Эзоп мысалдары сюжетімен үндес екендігін анықтап отырмыз.

Біз Эзоп мысалдарынан бастау алатын ойларды Абай аудармаларымен салыстыра отырып, зерттеуде, көз жеткізгеніміз: Абай мысалдардағы әрбір ойды қазақтың дүниетанымына сай, еркін баяндайды. Әйтсе де, форма мен идеясы мысал жанры қалыптарына толық сай келеді. Бұл жерде әрі сюжет, әрі мотив бар.

Арай  Жүндібаева

Комментарии
Другие материалы