Құрылтай депутаттары Алматы облысының тұрғындарынаПрезидент Жолдауының ауқымды әлеуметтік бастамаларын түсіндірді

177
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/skrVQP5Qie4lRcO88s84nl79VeNx3U1nRAtzIFvC.jpg

3 қараша, Алматы облысы. Құрылтай депутаттары Ләззат Жылқыбаева, Арман Жансеңгіров және Жанарбек Әшімжанов Мемлекет басшысының«Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыЖолдауында белгіленген негізгі міндеттер мен бастамаларды түсіндірумақсатында Алматы облысында кездесулер өткізді. Депутаттар білімберуді жаңғырту, адами капиталды дамыту және әлеуметтікинфрақұрылым мәселелері туралы жан-жақты түсіндірді.

Қонаев қаласындағы мектеп-гимназияда Құрылтай депутаты ЛәззатЖылқыбаева білім беру саласының қызметкерлерімен кездесті. Жиындақатысушылар қазіргі заманғы мектептің алдында тұрған міндеттер мен педагогикалық қоғамдастықтың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады.

– Президент өз Жолдауында мұғалім мәртебесін көтеру қажеттігін ерекшеатап өтті. Бұл – бүкіл қоғамның міндеті. Педагогтердің жүктемесін азайтуда – өте маңызды мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда білім беру жүйесіндесан алуан цифрлық платформалардың көбеюі, керісінше, олардың жұмыскөлемінің артуына әкеп соқтырды. Сондықтан бұл тәсілдерді қайта қарауқажет. Сондай-ақ инклюзивті білім беру жүйесін қайта құру да маңызды. Қазір ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытужауапкершілігі іс жүзінде тек мектептерге ғана жүктелген. Бірақ бұлжұмысқа денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелері де белсенді түрде атсалысуы тиіс, – деп атап өтті Ләззат Жылқыбаева.

Қарасай ауданы Қаскелең қаласының Мәдениет үйінде Президент Жолдауының негізгі басымдықтарын Құрылтай депутаты АрманЖансеңгіров жұртшылыққа түсіндірді. Жиын барысында әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға, мұғалімдердің негізгі миссиясы – сапалы білім беру мен саналы ұрпақ тәрбиелеу екеніне ерекше мән берілді. Ұстаздардың жауапты міндеттеріне алаңсыз кірісуіне кедергі келтіретінартық есептілік пен қағазбастылықты жоюға қатысты мәселе жан-жақтыталқыланды. Сондай-ақ Арман Жансеңгіров қатысушылардың назарынбалалардың даму ерекшеліктерін ерте анықтау және өңірлердеинклюзивті оқыту үшін кедергісіз инфрақұрылым құру қажеттігіне аударды.

Іле ауданы Өтеген батыр ауылының тұрғындарымен кездескен депутат Жанарбек Әшімжанов Президенттің стратегиялық міндеттерін кешендітүрде талдап, түсіндіріп берді. Білім беру, әлеуметтік қорғау, жастар және ҮЕҰ өкілдері қатысқан бас қосуда экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті қолдау және цифрлық технологияларды енгізу мәселелері туралы әңгіме қозғалды.

Президент бастамалары туралы айтқан депутат Жанарбек Әшімжанов әлеуметтік саясаттың басымдықтарына да егжей-тегжейлі тоқталды. Ол халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік қолдаудыңтиімділігін күшейтуге, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жәнешынымен көмекке мұқтаж жандарға қолжетімділікті қамтамасыз етугеерекше назар аударды.

– Жолдаудағы әрбір міндет нақты істерге бағытталған. Дәл сол себептіәлеуметтік реформалардың нәтижелері, ең алдымен, азаматтарымыздыңкүнделікті өмірінде көрініс табуы тиіс. Бұл міндеттерді жүзеге асырудаәлеуметтік қорғау қызметкерлерінің де еңбегі аса маңызды. Өйткеніадамдардың арыз-шағымын бірінші болып тыңдайтын және олардыңмәселелерін шешуге тікелей қатысатын солар, – деп атап өтті ЖанарбекӘшімжанов.

Өңірлердегі барлық кездесулер барысында Алматы облысыныңтұрғындары депутаттарға мектептерді күрделі жөндеуден өткізу, гранттарбөлу және халықты әлеуметтік қорғау шараларын күшейтуге қатыстыөздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Құрылтай депутаттарынанбөлек, кездесулерге Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері мен Үкіметөкілдері де қатысты.

 

Комментарии
Другие материалы