Испаниядағы пойыз апаты. Қаза тапқандар саны 74 адамға жетті

109
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VjNX4Ro1aOKxLl8p6MGxwHx686SKn2pY5qgEqLh4.jpg

Испанияның Толедо провинциясында екі жолаушылар пойызының соқтығысуынан қаза тапқандар саны 74 адамға жетті. Тағы ондаған адам жарақат алған. Бұл туралы EFE агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Қайғылы оқиға 28 қазан күні Кастилия-Ла-Манча автономиялық бірлестігіндегі Урда станциясының маңында болған. Соқтығысудан кейін бірнеше вагон теміржол жағасындағы үйіндіден құлап кеткен.

Апатқа теміржолдағы сигнал беру жүйесінің ақауы себеп болуы мүмкін. Испанияның Көлік министрі Оскар Пуэнтенің мәліметінше, жүйе бастапқыда пойыздарға тоқтау туралы белгі берген. Алайда біраз уақыттан кейін пойыздардың біріне қозғалысты қайта бастау жөнінде қате сигнал жіберілген.

Оқиғадан кейін Испания премьер-министрі Педро Санчес қайғылы жағдайға байланысты елде үш күндік ұлттық аза тұту жариялады.

Комментарии
Другие материалы