Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

140
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HOpYRK9mVbtfvLpSHsvLny7tHZSEk2YiQzW3d1ZG.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунды Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

"Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунның жауапты қызметіне табыс, ал Алжир халқына құт-береке тіледі", делінген хабарламада.

 

Комментарии
Другие материалы