Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

287
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DQseyzAsmsfaBbKvWI9d93brMvNb8JTzkpFlNZ8n.png

Фото:Olympic.kz 

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды “Адырна”.

Отандасымыз Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Ол грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін белдесуде Қытай спортшысы Лигуо Цаоны жеңді.

Бұл – Айдос Сұлтанғалидың әлем чемпионатындағы төртінші жүлдесі.

Комментарии
Другие материалы