Көлік жүргізушісі тротуардағы үш әйелді қағып кетті

65
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dl5Zk8xYBBcimSV00K3ZJFjdjymG2uagOJcNv08z.jpg

Жамбыл облысы Қордай ауылында BMW маркалы жол талғамайтын көліктің жүргізушісі тротуарда тұрған үш әйелді қағып кетті, деп хабарлайды “Адырна”. 

Оқиғаның видеосы Kozachkov offside Telegram арнасында жарияланды.

Жамбыл облысы ПД мәліметінше, аталған дерек бойынша BMW жүргізушісі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау және одан әрі процестік шешім қабылдау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – делінген полиция хабарламасында.

Комментарии
Другие материалы