Қытайдың Тибет автономиялық ауданында магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі болып, кемінде 16 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна".
Xinhua агенттігінің хабарлауынша, тағы 32 адам жарақат алған. Олардың 11-інің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Табиғи апат салдарынан 300-ден астам үй қираған. Қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі бағаланып, жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
