Қазақстан Президенті ұлттық атом энергетикасын дамыту және атом саласын дамыту стратегиясы аясындағы міндеттердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге тапсырма берді, деп хабарлайды "Адырна".
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевпен кездесуде айтты.
Кездесу барысында Президентке Атом энергиясы агенттігінің 2026 жылғы қызметінің негізгі нәтижелері туралы есеп ұсынылды.
Сонымен қатар Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, радиоактивті қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және ядролық әрі радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны нығайту мәселелері талқыланды.
