9 қазанда «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру және «Елдесу және татуласу» жобасы аясында Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де медиация мәселелері бойынша ашық есік күні өтті.
Кездесу барысында Медиация кеңесінің төрағасы, кәсіби медиатор Гүлнар Мәдиева мен кәсіби медиатор Арман Хабдулин 30-дан астам азаматты қабылдап, олардың сұрақтарына жауап берді және жеке консультациялар ұсынды. Сондай-ақ дауларды сотқа жеткізбей, өзара келісім арқылы шешудің мүмкіндіктері түсіндірілді.
Кейде бір-бірін тыңдап, түсінуге деген ниет үлкен даудың алдын алады. Медиацияның құндылығы да осында — ол адамдарды ортақ мәмілеге келтіріп, өзара құрмет пен жауапкершілікті нығайтуға жол ашады.
Өйткені татулық түсіністіктен, ал келісім бір-біріне құлақ асудан басталады.


