Белгілі ақын Жанна Елеусіз өмірден озды

196
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SeOFeZjWMPwOmryj8wPpuFe5B3JEb30Z1LLhYjt8.jpg

Белгілі ақын Жанна Елеусіз 56 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан Жазушылар одағы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, қалың оқырман қауымға көңіл айтады»,– делінген хабарламада.

Жанна Елеусіз 1970 жылы 22 қарашада дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Аудандық «Шалқар» газетінде тілші болып жұмыс істеген. 1995 жылы Ұлы Абайдың 150 жылдығына арналған мүшәйраның жүлдегері атанған.

2004 жылы «Мен сүйетін дүние», 2011 жылы «Тіршілік трилогиясы» атты кітаптары жарыққа шыққан. Сондай-ақ өлеңдері «Жәдігер» атты Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясына, «Ақтөбе кітапханасы» сериясымен шыққан жергілікті қаламгерлердің 50 томдығына енген.

Комментарии
Другие материалы