Ыстанбұлда көпқабатты үй опырылып түсті. Үйінді астында адамдар болуы мүмкін

206
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mJNkew5nJcteKw7E8whl24Gzo3waPcuUazZ2BxZr.jpg

Ыстанбұлдың Малтепе ауданында алты қабатты тұрғын үй опырылып құлады. Алдын ала мәлімет бойынша, үйінді астында адамдар болуы мүмкін. Бұл туралы 8 қазанда TRT Haber жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ғимарат құлағаннан кейін оқиға орнына құтқару және жедел қызметтер дереу жіберілген. Мамандар іздестіру-құтқару операциясын бастап кеткен.

Қазіргі уақытта құтқарушылар аумақты тексеріп, қирандылар астында адамдардың бар-жоғын анықтауға тырысуда. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Ғимараттың құлау себептері де әлі анықталған жоқ. Оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер жұмыстардың нәтижесіне қарай белгілі болады.

Комментарии
Другие материалы