Оқушылар наразылығы күшейді. 400-ден астам мектепте сабақ тоқтатылды

67
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qkDiKBlaXXsBNKcqmiYfnwKqNkhSjza0Mm9ZMAw5.jpg

Фото: calibre.az

Францияда жоғары сынып оқушыларының наразылық акцияларына байланысты 5 қазан күні 400-ден астам мектепте дәстүрлі форматтағы сабақтар болмады. Бұл туралы TF1 телеарнасы хабарлады, деп жариялады “Адырна”.

Мәліметке сәйкес, жабылған немесе офлайн сабақ өткізбейтін мектептердің 168-і, яғни шамамен 40 пайызы, елдің Иль-де-Франс аймағында орналасқан.

Жоғары сынып оқушыларының наразылығы өткен аптада Иль-де-Франс аймағында басталған. Кейін акциялар Францияның басқа өңірлеріне де тарады.

Оқушылар сабақ кестесінің тым тығыз болуына, мұғалімдердің жетіспеушілігіне және білім беру жүйесіндегі өзге де мәселелерге қарсылық білдіруде.

Кейбір қалаларда наразылық тәртіпсіздікке ұласып, полициямен қақтығыстар болған.

Соңғы мәліметтер бойынша, тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен 2 мыңға жуық адам ұсталған. Олардың шамамен 1,8 мыңы қамауға алынған.

Билік наразылықтардың жалғасуына байланысты мектептердегі жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Комментарии
Другие материалы