Аятолла қайда? Трамп Иранның орнына жауап беруге тырысты

154
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nEZiYoJqcnmr6FhEYBjfqr4P2yOG7DX5WT2Nqd8b.jpg
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық қару жасауға қатысты жоспарларынан іс жүзінде бас тартқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Ақ үй маңында журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды "Адырна" порталы Report агенттігіне сілтеп.

«Иран, өздеріңіз білетіндей, ядролық қаруға қатысты кез келген жоспарынан іс жүзінде бас тартты», – деді Трамп.

Сондай-ақ АҚШ президенті Иранға қатысты шешім қабылдауы керек екенін айтты. Алайда ол нақты қандай шешім екенін түсіндірмеді.

Трамп бұған қоса «Иран талқандалды» деп мәлімдеп, Ислам Республикасымен қақтығыс «жақсы жолмен немесе жаман жолмен» аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Комментарии
Другие материалы