32 штатта рұқсат етілген. Калифорнияда балалар некесіне тыйым салынды

112
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/y6zpX6tKKHHdSuLm74907nb2HdplfqUu63d1Bvd0.jpg

Фото: Freepik

Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом кәмелетке толмағандардың некеге тұруына тыйым салатын заңға қол қойды. Заң 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Енді штатта тек 18 жасқа толған азаматтар ғана некеге тұра алады. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұған дейін Калифорнияда некеге тұрудың ең төменгі жасы белгіленбеген. Ата-анасының келісімі мен судьяның рұқсаты болған жағдайда кәмелетке толмағандар да некеге тұра алатын.

Жаңа заңды бала кезінде тұрмысқа шыққан азаматтар да қолдады. Олардың қатарында Кортни Стодден мен Бриттани Би бар. Стодден 16 жасында өзінен әлдеқайда үлкен актер Даг Хатчинсонға тұрмысқа шыққан.

Балалар некесіне қарсы Unchained At Last ұйымының мәліметінше, Калифорнияда жыл сайын шамамен 9 мың қыз тұрмысқа шыққан. Көп жағдайда кәмелетке толмаған қыздар ересек ер адамдарға некелескен.

Шамамен он жыл бұрын АҚШ-тың барлық штатында кәмелетке толмағандардың некеге тұруына рұқсат берілген. Алайда соңғы жылдары бұл бағыттағы заңдар жиі өзгеріп жатыр.

Калифорния бұл тәжірибеге толық тыйым салған АҚШ-тағы он сегізінші штат болды. Алайда елдің 32 штатында кәмелетке толмағандардың некеге тұруына әлі де рұқсат етіледі.

Комментарии
Другие материалы