Сеулдегі құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

236
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pmHaYgCLqVQbPONWEiHeEl4dY07OHu1E3Iqi0wdi.jpg

Сеулдегі құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға 29 қыркүйекте болған. СІМ мәліметінше, қазақстандық жазатайым оқиға салдарынан көз жұмған.

«Қазіргі уақытта Корея Республикасының құзырлы органдары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр»,– делінген хабарламада.

Оңтүстік Корея деректеріне сәйкес, қайғылы жағдай 29 қыркүйекте таңғы сағат 09:45 шамасында Сеулдің оңтүстігіндегі Сочо ауданында болған. 23-қабатта тұрған ер азаматтың үстіне бетон бөлігі құлаған. Нысанның бас мердігері — Hyundai Engineering & Construction компаниясы.

Комментарии
Другие материалы