Стенд ату. Қазақстан ерлер құрамасы қола медальға ие болды

216
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5leEJ7uKanFcdzXT1cnfTk8i1f4aP6LCPXQUB65v.jpg

Қазақстан ерлер құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында стенд атудан трап бәсекесінде сынға түсті. Бұл туралы ҰОК жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазақстан құрамасы командалық жарыста 348 ұпай жинап, қола медальға ие болды. Кувейт құрамасы 355 ұпаймен топ жарса, Қатар 349 ұпаймен күміс медальді жеңіп алды.

Айта кетейік, бұл сайыста ел намысын Даниил Почивалов, Әлішер Айсалбаев және Марк Почивалов қорғады.

Комментарии
Другие материалы