Айдосқа артылар сенім жүгі ауыр...

221
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TzNnbTbC6okPRaAlZtku1mgjEPyvW2QdNFAy0GGE.jpg

Айдос Сәкенұлы Мырзахметов жайлы ақпарат өте аз. Тіпті толық өмірбаяны да жоқ ашық дереккөздерде. Бұл оның бұған дейін атқарған жұмысына тікелей байланысты болса керек. 

Айдос - «отандық өнім». Ол - ҚР Қарулы Күштері Әскери академиясының 2002 жылғы түлегі. Әскери қызметін взвод командирінен бастап, Мемлекеттік күзет қызметіндегі басшылық лауазымдарға дейін көтерілген.

2024 жылғы қаңтарда Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Осы қызметте арнайы бөлімдердің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған жұмыстарға жетекшілік етті.

2026 жылғы мамырда оған генерал-майор әскери атағы берілді. Генералдық шен белгілерін Мемлекет басшысы жеке өзі табыстады.

Енді әскери жолының жаңа кезеңі басталды. Арнайы операциялар күштерін басқарған тәжірибелі офицер Қорғаныс министрі ретінде Қазақстанның бүкіл Қарулы Күштеріне жетекшілік етеді. Мемлекет басшысының өзі сенім артқан азамат Қорғаныс саласындағы қордаланған мәселелерді оңынан шешеді деп сенейік...

Ержан Жаубай

Комментарии
Другие материалы