Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

215
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XTxP1ou1pMAiRnwKzX1bnUppi4O7gGjcOkf11Gnd.jpg

Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы болып Мирас Зікірияұлы Абдрахман тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна".

Мирас Абдрахман 1992 жылы дүниеге келген.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Құқықтану», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2015 жылы Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасында техник болып бастаған.

2015–2020 жылдары Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының заң бөлімдерінде бас маман қызметін атқарды.

2020–2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппаратында ұйымдастыру-бақылау жұмысы, инспекторлық және аумақтық жұмыс, экономикалық талдау және қалалық даму, әлеуметтік сала бөлімдерінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.

2022–2023 жылдары Астана қаласы әкімінің аппаратында әлеуметтік сала бөлімінің басшысы болды.

2023 жылғы шілдеден 2026 жылғы мамырға дейін Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Астана қаласының Ішкі саясат басқармасын басқарды.

Комментарии
Другие материалы