Қарағандыда егіске бөлінген 300 млн теңге жымқырылған

270
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9yohvrTiPTiAbk6MOJQm0qZhZIEcI6jsFWgXySPn.jpg

Қарағанды облысында көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген 300 млн теңгенің жымқырылу ісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы 21 қыркүйекте Қаржылық мониторинг агенттігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

2025 жылғы мамырда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы мен «Рашан» ЖШС арасында айналым қаражатын толықтыру үшін қарыз беру туралы шарт жасалған. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кепілдік берген. Шарт талаптарына сәйкес «Рашан» ЖШС-нің шотына 300 млн теңге қарыз қаражаты аударылған.

Алайда кейін бұл қаражат тұқым сатып алу және ауыл шаруашылығы техникасын жалға алу шығындары ретінде басқа екі компанияның есепшоттарына жіберілген. Оның ішінде шамамен 148 миллион теңге тұқым алуға, 152 миллион теңге техника жалдау, жанар-жағармай мен еңбекақы төлемдеріне бағытталған.

Бірақ тексеру барысында тұқым сатып алынбағаны, техника жалға алынбағаны және көрсетілген жер телімдеріне ауыл шаруашылығы дақылдары егілмегені анықталған.

«Қазіргі уақытта «Рашан» ЖШС директоры күдікті ретінде танылып, сот санкциясымен оның мүлкіне тыйым салынды»,– делінген хабарламада.

 

Комментарии
Другие материалы