Өскеменде 70 жастағы әйел көпқабатты үйдің екінші қабатынан құлап, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оқиға Космонавтар көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел тұрғын үйдің екінші қабатынан құлаған. Оған медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылған.
Бұл деректі Шығыс Қазақстан облысының ПД растады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Әйелдің құлауына не себеп болғаны да тексерілуде.
«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
