Тегеран Мәскеуден «Герань-4» және «Герань-5» дрондарын сұратқан

116
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IKNqalxQ6J6oZgFUyoiefWc9pMwq6JP1sdBtYXUM.jpg

Иран Ресейден ең жаңа «Герань-4» және «Герань-5» соққы беретін ұшқышсыз ұшу аппараттарын сұратты. Бұл туралы Financial Times жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Тегеран Мәскеуге заманауи ұшқышсыз аппараттарды беру туралы өтініш жасаған»,– делінген хабарламада.

Шетелдік журналистердің мәліметінше, соңғы уақытта ресейлік дрондардың мүмкіндіктері айтарлықтай артқан.

Financial Times басылымының жазуынша, дрондарды орталықтандырылған түрде өндіру Кремльге оларды жетілдіруге, ұрыс қимылдарынан алынған тәжірибені ескеруге және жаңа үлгілерді жедел енгізуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, реактивті қозғалтқышпен жабдықталған «Герань-5» дроны сағатына 600 шақырым жылдамдыққа дейін жетіп, 1000 шақырымға дейін ұша алады. Оның жауынгерлік бөлігі 90 келі жүк көтеруге қауқарлы. Сондай-ақ дрон жасанды интеллект элементтері бар бағыттау жүйесімен және радиоэлектрондық күрес құралдарының әсеріне төзімді антенналармен жабдықталған.

Сарапшылардың бағалауынша, Ресейде «Герань-5» дрондарын өндіру әлеуеті айына шамамен 5 мың данаға жетеді.

«Военная хроника» сарапшыларының мәліметінше, Ресейдің «Алабұға» арнайы экономикалық аймағындағы «Герань-5» өндіріс зауыты кеңейтілуін жалғастырып жатыр. Онда жаңа құрастыру цехтары мен қойма ғимараттарының салынып жатқаны байқалған.

 

Комментарии
Другие материалы